Тамыздың 14-і күні Шымкенттегі «Шәмші алаңында» әйгілі қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Арыс жағасында» VI ретро-фестивалі өтті. Жүздеген адам жиналған концертте жергілікті өнерпаздар Шәмішінің әндерін орындады.
«Арыс жағасында» VI ретро-фестивалі

1
Шымкент қаласындағы композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі.

2
«Арыс жағасында» VI ретро-фестивалі кезінде қазақтың әйгілі композиторы Шәмші Қалдаяқов туралы бейнебаян көрсетілді.

3
«Арыс жағасында» VI ретро-фестиваліне қатысушы Оңтүстік Қазақстан облысының өнерпаздары Шәмші Қалдаяқовтың «Отырардағы той» әнін сахнада бірге шырқап тұр.

4
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Шәмші Қалдаяқовтың жұбайы Жәмила апайға қамзол кигізіп, ақ орамал тақты.

5
Сахнада әнші Заттыбек Көпбосынов (ортада) Шәмші Қалдаяқовтың «Дүнген қызы» әнін шырқап тұр.

6
Шәмші Қалдаяқовтың 85 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылған «Арыс жағасында» 6-шы ретро-фестивалін тамашалауға келген көрермендер.

7
«Шәмші алаңындағы» «Жұлдыздар аллеясында» Оңтүстік Қазақстаннан шыққан 48 сазгер мен әншінің аты-жөндері жазылған. Олардың қатары жергілікті әнші Заттыбек Көпбосыновтың (ортада) есімімен толықты.

8
«Жұлдыздар аллеясына» есімі жаңадан жазылған жергілікті әнші Заттыбек Көпбосыновпен бірге суретке түсуге тілек білдірушілер көп болды.

9
«Арыс жағасында» ретро-фестивалін тамашалауға келген көрермендер.

10
«Шәмші алаңында» ұйымдастырылған ретро-фестиваль кезіндегі полиция қоршауы.