Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл наурыз бен сәуірдің өзінде жылжымайтын мүлік саудасында айтарлықтай айырма бар. Жаңа пәтерлер 1,9 пайыз қымбаттаған. Бұл көрсеткіш Алматы мен Астанада көбірек. Ал бір жылда елде жаңа тұрғын үй бағасы 8,3 пайыз өскен.