Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл наурыз бен сәуірдің өзінде жылжымайтын мүлік саудасында айтарлықтай айырма бар. Жаңа пәтерлер 1,9 пайыз қымбаттаған. Бұл көрсеткіш Алматы мен Астанада көбірек. Ал бір жылда елде жаңа тұрғын үй бағасы 8,3 пайыз өскен.
Қазақстанның азық-түлік сөрелерінде Ресейде жасалған тауар көбейгені байқалады. Мұны ресми статистка да растайды. Ресей Украинаға соғыс бастап, санкция астында қалғалы Қазақстанға жіберетін әлеуметтік маңызы бар тауарлар үлесін еселеп арттырған. Сөрелерде қандай ресейлік тауар көбейген?
2005 жылғы 13 мамырда Өзбекстанның жаңа заман тарихында "Әндіжан қырғыны" деген атауға ие болған оқиға болды. Жергілікті бір топ кәсіпкердің сот ісі жаппай наразылыққа ұласып, биліктің халыққа оқ атуымен аяқталды. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын куәгерлер қанды қырғынды еске алғысы келмейді.
Кремль Украина президенті ұсынған 30 күн үзіліске жауап бермеді. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соғысып жатқан екі елді 15 мамырда Стамбұлда болатын келіссөзге міндетті түрде келуге шақырды. АҚШ президенті Дональд Трамптың да бұл кездесуге баруы ықтимал.
Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттай түсті. Қарапайым халықтың баспана алуға шамасы жетіп жатыр ма? Құрылыс компанияларына 16 пайыз қосымша құн салығы салынбақ. Өзгерістің нарыққа әсері қандай болмақ? АҚШ президенті Дональд Трамп шетелге алғашқы ресми сапарын Сауд Арабиясынан бастады.
Тағы